Ақтаулықтар бұрынғы полиция бастығының анасының жерленуіне байланысты орталық жолдың жабылғанына шағымданды

Ақтаулық жүргізушілер 27 және 12 а шағын аудан арасындағы орталық жолдың жабылуына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, жолдың жабылу себебі жерлеу рәсімі екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеп хабарлайды. 

актау

Маңғыстау полициясы әзірге бұл жағдайға байланысты түсінік берген жоқ. Жүргізушілер 3 тамыз күні таңертең 27 және 12а шағын аудандар арасындағы жолды жол полициясы қызметкерлері жауып тастағанын хабарлады.

"Бүгін үшінші тамыз күні таңғы сағат 9-да МАИ қызметкерлері 27 және 12а шағын аудандар арасындағы 26 шағын аудандағы мешітке дейінгі жолды жауып тастады. Себебі: ІІМ генералының туысы қайтыс болды. Барлық көлік жерлеуге бара жатқандар өтіп кеткенше шамамен 10-15 минут күтіп тұрды. Тек осыдан кейін ғана халықты өткізе бастады. Не деген бассыздық?, - деп шағымданды жүргізушілер.

Маңғыстау облысының полиция департаменті әзірге бұл жағдайға түсінік берген жоқ. 

"79 жасында генерал-майор, БҚО-ның полиция департаментінің басшысы Махсұтхан Әбләзімовтың және Бахаридин Әбләзімовтың анасы Бибіжамал Әбләзімова қайтыс болды", - деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов. Тұрғындар журналистерге марқұмның өте мейірімді, басқа адамдарға қамқор жан болғанын айтыпты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев Бахаридин Әбләзімовтың ұшағымен Германияға ьарып қайтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр