Аяқ киіміне 182 миллион теңгенің алтынын жасырып, Қазақстан шекарадан өтпек болған әйел ұсталды
Қырғызстан азаматы аяқ киімінің ұлтарағына алтын жасырып, Қазақстан арқылы Қытайға алып өтпек болған. Бұл 182 миллион теңгелік алтын құйма болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас көлік прокуратура мәліметінше, ол салмағы 2,8 келі болатын алты алтын құйманы аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Прокуратураның өтінішхаты бойынша сот алтын құймаларды алдын ала тәркілеу туралы шешім шығарған. Құймалар мемлекет кірісіне өткізілді. Қаулы заңды күшіне енді.
Ведомствоның мәліметінше, әйел алтын құймаларды Қырғызстаннан сатып алып, Қазақстанға "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы кіргізген. Оның мақсаты — алтынды Қазақстан арқылы Қытайға заңсыз алып өту болған.
Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру үшін ол аяқ киімінің ұлтарағының астына үш-үштен алтын құйманы жасырған. Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы ауданында тексеру кезінде алтын табылып, тәркіленді.
Тәркіленген алты құйманың құрамындағы алтынның тазалығы 99 пайыздан асады. Олардың жалпы құны 182,3 миллион теңгеге бағаланған.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
