Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Амандық Баталовтың халықтан несі артық, неліктен өз қаласында емделмейді

Қоғам белсендісі, актер Нұртас Адамбай Алматы облысының әкіміне сын айтты. Әкімнің қара халықтың артықшылығы жоқ деген ойы жеткізді. 

Алматы облысының әкімі Қапшағай басшысына қатаң сөгіс жариялады

"Облыс әкімі не себепті өзі басқаратын аймақта емделмейді? Шенді-шекпенділер басқалардан жақсы ем алу керек пе? Неліктен Талдықорғанда емделмейді? Ол жақта емделуге қорқа ма? Әлде емдей алмайтындарын біле ме? Мемлекеттік шенеуніктің қарапайым азаматтан несі артық?", - деп жазды ол желіде. 

Айта кетейік, бұған дейін Амандық Баталовтың науқастанып қалғанына байланысты елордаға жеткізілгені хабарланған еді. 

ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер ДСМ өкілінен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың не себепті өз қаласында ем алмағанын сұрады. 

"Иә, пациенттің жағдайы нашарлаған соң Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді. Бүгінде бұл орталық пандемия кезінде республикалық экстракорпоральді мембран оксигенация интенсив терапиясы ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл әдіс өкпе жасанды тыныс алдыру аппараты көмектеспей жатқанда қолданылады. Сондай-ақ бұл орталық жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарда тыныс алуы қиындап, жеткіліксіз болғанда қабылдайды. Мұны комарбид пациенттер деп атайды. Алматы тұрғындарына қатысты айтатын болсақ. Қазір мұндай 12 орталық бар. Алматыда да бар. Мұндай ауыр жағдайдағы науқастар Алматы қаласына жеткізіледі. Ол жақта орын толып, бос болмаса, басқа қаладағы орталықтарға жеткіземіз", - деді вице-министр Ажар Ғиният.

Желі қолданушыларын да бұл сұрақ мазаламай қоймады. Бірі жағдайды түсіндіруге тырысты. 

"Жақсы мамандардың бәрі Алматы мен Нұр-Сұлтанға баруға тырысады. Аймақтардағы мамандарға ешкім қаралғысы келмейді", "Шынында да Талдықорғанда бұл аурудан емдей алмай ма?", "Бізде шенділер қара халықпен бірдей болғысы келмейді", - деді олар. 

Талқылау