Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі "вирус шашатын тікұшақтар" жайлы пікір білдірді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов қалада тікұшақпен вирус шашырататыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл ақпарат - жалған. Сіздер көрген қаладағы ұшу аппараттары, бұл - қорғаныс министрлігінің жоспарлы оқу-жаттығуларды өткізіп жатыр. Мен түсінбеймін, бұған қалай сенуге болады. Инфекцияны шашырату мүмкін емес. Тағы да қайталаймын - бұл фейк. Тұрғындарға жүгінемін - мұндай ақпаратқа сенбеңіздер", - деді Айтенов.

Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіндегілер түнде шашыратылатын вирустар туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Азаматтардан әлеуметтік желілердегі дұрыс емес ақпараттарға бой алдырмауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Бұған дейін Қазақстан қалаларының үстімен ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды үрейлендіргені, олардың  аспанда бірнәрсені сеуіп жүргені түсірілген видео тарағана хабарланды.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қауіп төндіретінін еске салды. Бұл бап бойынша 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (2,78 миллион теңге немесе 6 800 доллар) немесе түзету, қоғамдық қызмет көрсету немесе бір жылға дейін шектеу / бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

 

 

 

Талқылау