Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой "коронавирус таратушы тікұшақтар" жайлы пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус тікұшақтардың көмегімен қалаларға шашырайды деген жалған хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирус пандемиясының қолдан жасалғаны туралы, коронавирус туралы статистиканы арттыру үшін ауада кейбір улы заттардың шашырауы туралы түрлі жарияланымдар бар. Одан бөлек, басқа да жалған, ғылыми емес ақпараттар таралуда. Халықтың жалған ақпаратпен алданбауы үшін қандай алдын алу шаралар қабылдануда?", - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингінде. 

"Бізде Қазақстанда әрдайым пікір білдіру бостандығы болған. Бұл азаматтардың өз пікірлерін білдіру құқығы. Бірақ біз нақты статистиканы басшылыққа алуымыз керек. Коронавирус қазір Қытайда алыс жерде болып жатқан  вирус емес. Әрқайсымыздың таныстарымыз, туыстарымыз, отбасы мүшелері, ауырып шықты. Әрбір азамат коронавирус инфекциясы бар екенін және оның өкінішке орай өлімге әкелетінін көруде. Сондықтан оны дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бұл анық факт", - деп жауап берді Цой.

Ол азаматтарға Қазақстандағы нақты жағдайды білу үшін ақпараттың сенімді көздеріне сенуге кеңес берді.

Талқылау