Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қалаларының үстінен белгісіз зат сеуіп ұшқан ұшақтар жұртты шошытты

Қалалардың үстімен ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды үрейлендірді. Желіде ұшақтардың аспанда бірнәрсені сеуіп жүргені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қолданушылар оның не екенін біле алмай дал болды. Кейбіреулері ауа арқылы жәндіктерді улап, өсімдіктерді өңдеп жатыр деп болжады. Басқалары бұл дезинфекция деп есептеді. Ал үшіншілерінің пікірінше, атмосферада қандай да бір вирустарды шашып жатыр екен. Роликтер Шымкентте және Маңғыстау облысында түсірілген.

Қорғаныс министрлігіндегілер тікұшақтан зиянды заттарды шашырату туралы қауесетті жоққа шығарды. Сонымен қатар, олардың ұшақтары залалсыздандыру үшін қолданылмайтынын атап өтті.

Ведомствоның ресми хатында бұл жаттығулар екені жазылған. Ал белгісіз зат - бұл өртті сөндіруге арналған қарапайым су. 

"Апта сайын оқу-жаттығу ұшулары, оның ішінде орман және дала өрттерін сөндіру бойынша оқу мәселелерін арнайы су ағызу құрылғыларын ескере отырып пысықтауға байланысты ұшулар өткізіледі. Ұшулар әскери ұшқыштардың ұшу дағдысы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған", - делінген ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Талқылау