Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Садыр Жапаров шетелде жүріп сынаған отандастарын мәңгүрттік танытты деп айыптады

Садыр Жапаров президент мәңгүрт
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шетелде жүрген кейбір отандастарын сынға алып, шетелде еңбек етіп жүрген қырғызстандықтарға ел экономикасына қосқан үлесі үшін арнайы алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Садыр Жапаров  бұл туралы 11 қыркүйекте Талас қаласында Қырғызстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік шарада айтып қалды.

Қырғызстан президенті мәңгүрт бейнесін және өз тарихын, тілін, мәдениетін ұмытып бара жатқан қоғамның қасіретін атап өтті. Кейін ол шетелде жүрген кейбір отандастарын сынға алды.

"Шетелде жүрген осындай азаматтарымыз сол жақтан тапқан бір үзім нан үшін өз елінде болып жатқан жақсы істердің өзінен жаман нәрсе іздеп, мәңгүрттік танытады. Біз оларды тәрбиелеуге және тәртіпке шақыруға тырысамыз", – деді Садыр Жапаров.

Президент нақты кімдерді меңзеп отырғанын және қандай шара қолданылатынын түсіндірмеді.

Кейін сөзінің жалғасында Садыр Жапаров Қырғызстаннан тыс жерде ондаған жыл бойы тұрып, еңбек етіп жүрген отандастарына да үн қатты. Олар елден жырақта жүрсе де қырғыстандықтардың елге деген құндылығы мен сүйіспеншілігі ерекше сезілетінін атап өтті.

"Сіздер соңғы 35 жыл бойы Қырғызстан экономикасының бір бөлігі болдыңыздар. Сол үшін Қырғызстанның әрбір мемлекет басшысы сіздерге алғыс айтуы керек", – деді президент.

Садыр Жапаров сондай-ақ Қырғызстанда өткен ірі халықаралық іс-шаралардан кейін шетелдегі отандастарының елге деген мақтаныш сезімі туралы айтқанда таңғалғанын жеткізді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026 19:39