Қазақстанда мәйіттерді союдың орнына компьютерлік томография қолданылмақ
Енді Қазақстанда мәйітті соймай, компьютерлік томографияның көмегімен зерттеу жүргізуге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Виртуалды аутопсия" әдісі қайтыс болған адамның өлімі зорлықсыз болған жағдайда қолданылады.
“Сарапшы іс бойынша ұсынылған материалдармен және қайтыс болған адамның денесімен танысқаннан кейін алдымен алдын ала зерттеу жүргізеді. Одан кейін компьютерлік томография жасалады. Егер өлімнің қылмыстық сипатта болғанына күдік болмаса, сарапшы компьютерлік томография нәтижелеріне сүйене отырып қорытынды бере алады”, – дейді Шымкент қаласы Сот сараптамалары институты директорының орынбасары Ұлықбек Әріпханов.
Пилоттық жоба өткен жылы Атырау облысында іске қосылды. Қазір заманауи жоғары технологиялық жабдықтар еліміздің басқа да өңірлеріне орнатылып жатыр. Алдымен мұндай құрылғылар Астана қаласында, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында пайда болады.
Мамандардың айтуынша, бұл әдіс дәстүрлі, яғни мәйітті ашып тексеру тәсіліне қарағанда екі-үш есе аз уақыт алады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
