Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға көмекке келген қытайлық дәрігерлер жұмысын аяқтады

Қазақстанға коронавируспен күрес тәжірибесімен бөлісуге келген қытайлық дәрігерлердің Нұр-Сұлтандағы миссиясы аяқталды. Үш қаланы аралауды жоспарлаған білікті мамандар келесі бағыт - Қарағандыға жол тартты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қауіпті індет жұқтырған науқастармен тікелей тілдеспесе де, бірнеше аурухана табалдырығын аттап, дәрігерлермен кездесіпті.

Қазақстанда жүріп темірдей тәртіппен қорғанып жүрген қытайлық дәрігерлер. Көрші елдің мықты деген невролог, интенсивті терапия, инфекционист мамандары қазақстандық әріптестермен кездесуге бармас бұрын мұқият қамданады. Тіпті қазақстандық мамандардан киген киімі де бөлек. Олар медицина саласындағы қызметкерлердің қауіпсіздігі басты орында болуы тиіс деген пікірде.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы 9-емханаға келдік. Науқастармен танысып, біздегі тәжірибемен бөлістік. Қазір барлық науқастар, олардың қасындағы адамдар, бетперде киіп, дене қызуын тексеріп, ара қашықтықты сақтауы тиіс. Онсыз бұл дертті жеңу қиын", - деді қытайлық дәрігер Лу Чэнь.

Қытайлық дәрігерлер 200 науқастың жағдайымен танысып, қалай емдеу керектігін бүге-шүгесіне дейін талқылады. 

"Коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей қатынас болған жоқ. Бірақ соларды емдеп жатқан дәрігерлермен қорғаныс киімдерін киіп, өзара тілдесті. Қарағанда, Алматы қаласында да осындай жұмыстарды атқарады. Одан кейін еліне қайтады", - деді Денсаулық сақта министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Нұр-Сұлтан, Қарағанды қаласында міндетін атқарған қытайлық дәрігерлер Алматыда 5 күн болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр