Ғалымдар: Қолға арналған антисептиктер коронавирусты жұқтыру қаупін жоғарылатады
Жапондық дәрігерлер тазалыққа арналған антиспектиктердің коронавирустан қорғайтын күшті құрал еместігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде жұқпалы індеттің таралуына байланысты аталған дезинфекциялаушы құралдар жаппай сатылып жүр екен. Десек те мамандар қолдарға арналған антисептиктерді шамадан тыс қолдану денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігін айтты.
Мұның себебі тазалаушы құралдардың құрамында спирттің көп мөлшері болғандықтан деп түсіндірді жапондық сарапшылар. Антисептиктер терінің қорғаныштық қызметінен зиян келтіреді, соның салдарынан ағзаның вирусқа тап болуы екі есе жоғарылайды.
Сондай-ақ мамандар сабынмен қолды 30 секундтан көп уақыт жумауға кеңес берді. Бұған қоса қолды жуғаннан кейін оны мұқият сүртіп, кептірген жөн. Себебі ылғалды тері жұқпалы вирустарды жұқтыруға бейім келетіні айтылыпты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған