Соңғы жаңалықтар

Таиланд дәрігерлері коронавируске қарсы препараттар "коктейлін" ойлап тапты

Таиланд дәрігерлері коронавирусқа қарсы күшті препарат жасап шығардық деп айтуда. Сөздерінше, олар қарапайым вирустарға қарсы дәрімектерді ВИЧ еміне қолданылатын дәрілермен араластыра отырып, қытайлық індетке төтеп бере алатын препарат ойлап тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

koronavirus

Ақ халаттылардың мәлімдеуінше, аталған дәрі "коктейлін" ішіп көрген жағдайы ауыр науқастардың денсаулығы 48 сағат ішінде жақсара түскен.

Қазір бұл әдіспен емдеу Бангкоктың бір ауруханасында ғана қолданылған екен. Коронавирусқа шалдыққан науқастардың біразының жағдайы нығайыпты. Олардың қатарында Уханьнан келген 70 жастағы кейуана да бар көрінеді. Дәрігерлер оның халі өте ауыр болғандығын жеткізіп отыр. 

Айта кетерлік жайт, бір науқастың дәріге қарсы аллергиялық реакциясы пайда болған. Дегенмен бұл жағдай алаңдайтын дүние емес дейді зерттеушілер. 

Тай мамандарының әзірлеп шыққан препараттың құрамына ВИЧ-ке қарсы әсер ететін лопинавир және  ритонавирмен қоса, вирусқа қарсы осельтамивир дәрісінің үлкен дозасы кіріпті.

BBC-дің хабарлауынша, бұған дейін ресейлік мамандар да коронавирусты емдеу үшін лопинавир мен ритонавирге басқа екі препаратқа араластырып көруді ұсыныпты. Бірақ олар мұндай дәрілердің қоспасы адамның ағзасына кері ықпалын тигізуі мүмкін екендігін айтқан. 

"Біз халықаралық тәртіптерді сақтай отырып, тек бір дәрінің дозасын көбейттік. Клиникалық тәжірибе қорытындысы қуантарлық, десек те жаңа препаратты толығымен тағы зерттеуіміз керек. Біз бұл тәсілмен жағдайы тым ауыр науқастарды ғана емдейтін боламыз", - деп мәлімдеді Таиланд дәрігерлері. 

Айтуларынша, олар бұл әдіспен науқастарды емдеуге болатыны жайлы қытайлық әріптестеріне хабарлап қойған. 

Қазіргі күні Таиландтың өзінде коронавирусты жұқтырған 19 науқас анықталып отыр екен. Олардың 8-і толығымен емделіп ауруханадан шығарылса, 11 әлі де дәрігерлердің бақылауында екен. 

Естеріңізге салайық, қытайлық індеттен көз жұмғандардың саны 425-ке жетіп отыр. Ауруды осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам адам жұқтырып үлгерген. 

Бұған дейін қытайлық дәрігерлердің корнавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқаны айтылған еді. Екпені жануарларға жасалған тәжірибе оң нәтижелерді көрсеткен. Алайда клиникалық сынақтар жүргізу үшін біраз уақыт керек екен.

Ал дәрігерлердің америкалық әріптестері коронавирусты роботтың көмегімен емдеуде екен. Бұл жағдай өз кезегінде аурудың сыртқа таралуын азайтады деп мәлімдеген еді АҚШ мамандары.  

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр