Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус 425 адамның өмірін жалмады

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 20 438-ге, көз жұмғандардың саны 425-ке артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы ҚХР-дың денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді. 

Бір күн бұрын сырқаттанған 17 205 және мерт болған 361 науқас жайлы айтылған еді. 

Дертке шалдыққандардың 2788-інің жағдайы ауыр, 632 ауруханадан шығарылған. Бір тәуліктің ішінде коронавирусты жұқтырған тағы 3235 адам тіркелген. Дегенмен Гонконгте, Макао мен Тайванда жаңадан инфекцияға тап болғандар анықталмапты. 

Дәрігерлер бұдан бөлек 23 214 адам індетке шалдыққан болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған қоса науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 171,3 тұрғын бақылауға алынған. 

 

Талқылау