Bek Air компаниясының заңбұзушылықтары мен проблемалары аталды
Азаматтық авиация комитеті Бек Эйрдің проблемаларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшырағаннан кейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Пайдаланушы сертификатының және Ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Бұл әуе компанияда соңғы үш жыл ішінде екі ірі оқыс оқиға орын алғандығына негізделген болатын. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында жиналған ұшу сағаттарының санына сүйене отырып, қауіпсіздікпен байланысты мәселелердің жиілігі әуетасымалдаушы үшін қауіпсіздіктің рұқсат етілген деңгейінен едәуір жоғары болды. Тағы бір әсер етуші фактор - "Бек Эйр" әуе компаниясының өкілдері. Сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұру нәтижесінде "Бек Эйр" әуе компаниясының қолданыстағы пайдаланушы сертификатын мұқият тексеру басталды, оның барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Бек Эйр" әуе компаниясын тексеру барысында әуекомпанияның ұшу жарамдылығына қатысты екі негізгі мәселені анықтады. Біріншіден, әуе компанияның толық және тиісті есеп жүргізу арқылы әуе флотының ұшу жарамдылығын қолдауды бақылай алмағаны мәлім болды. Техникалық журналдардың жазбалары құрамдас бөліктерді бір ұшақтан екінші ұшаққа ауыстыру процесінің елеулі мәліметтерімен сәйкес келмейді. "Бек Эйр" бір ұшақтың құрамдас бөліктерін басқа ұшаққа орнату процесін үнемі қолданатындығын көрсетеді.Бұл әрекеттер компоненттердің пысықталуын есепке алу және пайдалану сағаттарын тіркеу туралы мәселелерді тудырады. Сондай-ақ, бұл "Бек Эйр" АҚ-ның қаржыландырудың жеткіліксіздігінен немесе ескі ұшақтар үшін қосалқы бөлшектерді алудың күрделілігінен қосалқы бөлшектерді алуға қабілетсіздігін көрсетеді.
Сонымен бірге, ең маңыздысы - авиациялық қозғалтқыштардан сағаттар мен циклдарды бақылау үшін қолданатын сериялық нөмірлер туралы ақпаратты көрсететін белгілер алынып тасталған. Осыған байланысты қозғалтқыштарды сәйкестігін тексеру, сондай-ақ олардың шын мәнінде жұмыс істеген сағаттары мен циклдерін растау мүмкін емес.
"Бек Эйр"АҚ пайдаланатын барлық авиациялық қозғалтқыштардың жарамдылығына күмән келтіретін осындай мәселесі бар бірнеше қозғалтқыштар анықталды. Сонымен қатар, Fokker-100 авиациялық қозғалтқыштарды өндіруші Rolls Royce компаниясы осы ұшақтар Қазақстанға пайдалануға түскеннен бастап, оларға аталған қозғалтқыштарды күрделі жөндеу туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
Сондай-ақ, Rolls Royce "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға мәліметтер белгілерін алуды талап ететін рәсімдер жоқ екенін және Rolls Royce ешқандай жағдайда қолданыстағы қозғалтқышпен бұл әрекетті жасауға рұқсат бермейтіндігін хабарлады.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ «Бек Эйр» компаниясы компоненттердің барлық ауыстыруларын көрсететін ұшақтарда сақталатын жазбаларды дұрыс сәйкестендіру мәселесіне баса назар аударатын болады деп күтуде. Қозғалтқышты сәйкестендіру ісі авиакомпания қандай қозғалтқыштар екенін және сериялық нөмірлері бар барлық жазбалардың дұрыс екенін дәлелдей алатындай етіп жүргізілуі тиіс.
Ұшу жарамдылығының екінші негізгі проблемасы бір ұшақтан екіншісіне агрегаттардың ауысуының елеулі саны, сондай-ақ оларды басқару үшін қажетті бақылаудың жоқтығы болып отыр. Бұл процесс тиісті түрде бақыланбайды, сондықтан авиакомпанияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі мәселелер одан әрі зерттеуді талап етеді.
Сондай-ақ, ELT мәртебесі (авариялық радиомаяк), барлық ұшақтарға қолданылатын жүк бөліктеріндегі өртке қарсы қорғанысының, құтқару кеудешелерінің жетіспеушілігі және т.б. сияқты көптеген басқа да бұзушылықтар бар.
Жалпы алғанда, ұшақтардың жасын, ұшу жарамдылығын қолдау бойынша процедураның жай-күйін ескере отырып, әуе флотының жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
Бұл бұзушылықтардың кең тізбесі жойылғанға дейін және әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы қолайлы деңгейге жетпегенше ұшу жарамдылығы сертификаттары қалпына келтірілмейді. Әуе компанияның әуе кемесін ұшуда пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар тізбесі де әсерлі.
"Бек Эйр" АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттаманы тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған. Жазбалар толық емес немесе олардың шынайылығына күмән келтіретін елеулі ауытқулар бар. Бұл ретте барлық экипаждар ұшақты дұрыс пайдалануды тиісті түрде үйренуі үшін кадрларды даярлау процесін жақсарту үшін шаралар қабылдау қажет.
Алматы әуежайындағы видеожазбаныны зерделеу кезінде "Бек Эйр" АҚ экипаждары өз ұшақтарын ұшуға дайындау барысында, ұшақты толық қарамайтындығы немесе әуе кемесін пайдалану жөніндегі нұсқауларға сәйкес ұшақтың қанатын тексеруді жүргізбейтіндігі анықталды.
Fokker 28-100 ұшағын пайдалану жөніндегі нұсқауда ұшақтың қанаты әрбір ұшудың алдында тексерілуі тиіс, сонымен қатар осы үлгідегі ұшақтар үшін нұсқаулықта бұл тексерудің қалай орындалуы тиіс екендігі көрсетіледі. Бұл рәсім 1993 жылы Македониядағы Скопье қаласындағы апаттан кейін ұшу жарамдылығы бойынша директива ретінде енгізілді. Қанатты жоғарғы бетіндегі, төменгі бетіндегі және қанаттың алдыңғы бөлігіндегі жиектің бойымен үш нүктеде қолмен тексеру қажет. Нұсқауда егер мұз болса, қанат одан тазартылуы керек деп көрсетілген. "Бек Эйр" АҚ ұшақтарын дайындаудың барысын көрсететін бейнежазбалардан бұл тексеру жүргізілмегені көрініп тұр.
Жаттығу туралы есептерде әуе кемелерін қысқы пайдалануға дайындық жүргізілгеніне дәлел жоқ, сондай-ақ осы үлгідегі ұшақтардың экипаждары мұздану қаупінен сақтануға көрсететін дайындық бағдарламасы көрсетілмеген. Қазақстанда қысқы кезеңде әуе кемелерін пайдалану сипатын ескере отырып, бұл қауіпсіздікті сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Бұл авиакомпания қызметінің тәуекелдерін бағалауды қамтитын ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесімен байланысты. Пайдалану қауіпсіздігін басқару жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің белсенді құралы болып табылады және дұрыс пайдалану кезінде жұмысты айтарлықтай жақсарта алады.
Қазіргі уақытта "Бек Эйр" АҚ қызметін тексеру жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін авиакомпания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс.
Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады.
Бұл әрекеттер аяқталғанша, сертификаттардың әрекеті белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ "Бек Эйр"АҚ әуекомпаниясының жолаушыларына кеңес беру мәселелері бойынша колл-орталық қызметін жалғастыруда.
Колл-орталықтың нөмірі: + 7 776 654 12 15
Колл-орталықтың жұмыс уақыты: 09.00-ден 18.00-ге дейін (күн сайын).