Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен
Танымал актриса Гүлнәз Жоланова көп балалы отбасыға ақша аударып жіберуге уәде беріп, артынша мұны ұмытып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мұхит Сапарбаевтың «Ойбай Шоу» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Өте жақсы қараймын. Картаға жіберу мүмкіндігі болса, қосамын. Қолма-қол ақша ұстамайды екенмін. Телефон нөміріңізді жазып алайын. 20 мың теңге менен», - деп уәде берген-ді актриса.
Артынша Мұхит Сапарбаев актрисамен басқа шарада кездесіп, одан ақшаны аудармау себебін сұрайды. Гүлнәз Жоланова өз кезегінде «фестивальдің буымен» жүріп есінен шығып кеткенін айтады.
«Мен ұмытып кетіппін. Шынымды айтайын, ұмытып кеттім. Ол жақта фестиваль болды. Жақсы, мен жіберемін. Сендер интернетке бірдеңе салдыңдар ма не?» - деп сұрады ол.
Артынша Мұхит Сапарбаев "20 000 теңге беремін деген Гүлнәз Жоланованы қуып жүріп, 10 000 теңге алдық" деп жазды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды