Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен прокуратура органдары «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруына байланысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Тергеушілердің айтуынша, компания қолданыстағы заңдарды бұза отырып, Интернетте белгілі бір кірістерді алып, лицензияланбаған қызметпен айналысқан. Бұл салаға салық салынбаған. Қазақстаннан заңсыз ақша әкету арналары анықталып, бұғатталған. Қаржылық қылмыс саласына қатысты басқа да әрекеттер тіркелді», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Only bet» ЖШС мен «Alpha bet» ЖШС-нің «Олимп» сауда маркасымен лицензиясын алты ай мерзімге тоқтатты.

«Қазіргі уақытта «Олимп» БК заңсыз әрекеттерінің нақты көлемін, сондай-ақ салық заңнамасын бұзушылықты анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды ҰҚК.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің сайты жұмысын жалғастыруда.

«Қазір сайтта шешімдер қабылданады. Техникалық мәселелер шешілуде», - деді ҰҚК.

Талқылау