Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келесі жылы доллар 400 теңгеге жетеді: Экономист маман өз болжамын жасады

Экономист Арман Байғановтың айтуынша, мұнайдың бағасы келесі жылы қымбаттайтын болады, бірақ доллар курсы 400 теңгеге дейін баруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2020 жылы мұнайдың бағасы әлдеқайда өсетін болады. Бір Brent баррельінің құны 65-75 долларды құрайды", - деп пайымдады Байғанов өзінің Instagram парақшасында. 

Сонымен қатар ол мұнай бағамының өсуіне алып келетін 4 факторды атады. Айтуынша, 2020 жылы АҚШ-тың мұнай өндірісі төмендейтін болады. Бұл өз кезегінде мұнай өндіретін ұйымдардың қызметіне соққы болуы мүмкін. 

Бұған қоса экономист инфляция себебінен доллардың түсуі жыл сайын мұнай бағасын 3 пайызға көтерілуіне итермелейтінін алға тартты. 

Бағанов келе жатқан АҚШ президентін сайлауы мұнайға әсер етпей қоймайды деп айтты. Сөзінше, Дональд Трамп қайта жеңіске жету үшін экономиканы тұрақтылықта ұстауға тырысып, АҚШ-тың федералды қор жүйесіне қысым көрсетуі мүмкін. Сәйкесінше бұл жағдай мұнай акцияларына ықпал етеді.

"Мұнай бағымының өсуі ұлттық валютаға оң әсерін тигізеді. Дегенмен инфляция салдарынан АҚШ доллары келесі жылы 400 теңгеге жетуі мүмкін", - деп қорытындылады Байғанов.


 

Талқылау