"+45°С аптап ыстық": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады
Қазгидромет ел аймақтары бойынша 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері көп аймақта ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын алға тартты.
“Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі. Ал шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады”, – делінген хабарламада.
Дегенмен жауын-шашынға қарамастан, ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы республиканың басым бөлігінде +33…+40°С. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +38…+45°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық күтіледі.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту
