Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неткен хореография": Димаштың жаңа бейнебаяны жанкүйерлерін тәнті етті

Димаш Құдайберген
Фото: Видеодан скриншот

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген “Aqerke” әніне түсірілген жаңа бейнебаянын көпшілікке ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші алдымен әлеуметтік желіде видеодан үзінді жариялап, тыңдармандарын әсерлі хореографиясымен таңғалдырды. Көп ұзамай бейнебаянның толық нұсқасы YouTube арнасында жарық көрді.

Туынды Ақтөбе қаласында, әншінің туған өлкесінде түсірілген. Жарияланымға Димаштың ата-анасы мен қарындасы Раушан да пікір білдіріп, қолдауын білдірді.

Жанкүйерлер бейнебаянның көркемдігіне, әншінің пластикалық қимылдары мен сахналық шеберлігіне ерекше назар аударды.

Пікірлер арасында:

“Керемет!”, “Фантастикалық хореография”, “Клипті асыға күттік” деген жылы лебіздер көп болды.

Бейнебаян жарыққа шыққаннан кейін санаулы минуттың ішінде-ақ мыңдаған көрермен жинады. Мексика, Чили, Перу, Аргентина, Қазақстан, Ресей және өзге елдердегі тыңдармандар Димаштың дауысымен қатар, оның би қимылдарына да тәнті болғанын жазды.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа челлендж ұсынғаны хабарланған еді. Байқау шарты бойынша “AQERKE” әніне би билеп, видео түсірген қатысушылардың ішінен ең үздігі әншінің жаңа бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады. 

Шарт бойынша қатысушы бір минуттық видеоны TikTok немесе Instagram желісіне жариялайды. Ең көп қаралым жинаған автор Димаштың жаңа бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады.

Әнші челленджге қатысқысы келетіндерге сәттілік тілеп, әркім өз идеясын еркін көрсетуге болатынын айтты. Оның сөзінше, бастысы – “AQERKE” әнінің үзіндісіне түсірілген видеода шығармашылық көзқарас пен шынайы көңіл күй болуы шарт.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 31 Шілде, 2026 11:38