Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Несие ғана емес, қызғаныш та болды": Атырауда көп балалы ананы өлтірген күдіктінің әпкесі оқиға туралы тың деректермен бөлісті

Атырау облысындағы 7 балалы әйелдің өліміне несие себеп болуы мүмкін. Күдіктінің туыстары оқиға туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

пышақ

Қанды оқиғадан кейін күдікті "алып берген несиені төлемей қойғаны үшін ашуландым" деген көрінеді. 

Жантүршігерлік қылмыс Құлсары қаласы әкімдігі ғимаратының артындағы алаңқайда болған. Сол күні келіншек жұмыстан өте кеш шығыпты. Осы маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер полицияға хабар берген.

"Алтын алқа" иегері, 35 жастағы келіншек әкімдік ғимараты жанындағы полиграфиялық мекемеде еден жуушы болған. Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, марқұм барлық тиісті әлеуметтік төлемдерді алып отырған. 

“Көп балалы ана ретінде біз азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қаржылай көмек көрсетіп тұрдық. Одан бөлек, әрбір балаға "алтын алқа" иегері ретінде үкіметпен бекітілген әлеуметтік төлемақыларды алып келді”, – дейді Құлсары қаласының әкімі Ернар Ысмағұл.


Анасына өлтіргенін айтып, жылаған: Атырау облысында көп балалы әйелді пышақтап тастаған күдікті жайлы деректер айтылды


Қаралы отбасы күдіктіні кешірмейтіндерін айтады. “Әйелдің артында қалған 7 баланы өзіміз жетілдіреміз” деп отыр олал. Ал оны пышақтап өлтірген күдікті бір күн бұрын ғана 25-ке толған көрінеді. Туыстарының айтуынша, екеуі бұрыннан жақсы таныс болған. 

Ал әпкелері інісінің осындай жауыздыққа барғанына сене алмай отыр. Жаман әдеті де, ашушаң мінезі де жоқ екенін айтады. 

“Екеуінің арасында жалғыз несие емес, қызғаныш та болды ма, білмеймін енді. Інім тап солай жасағанына мен сенген жоқпын. Ондай бала емес еді. ЖСН-мен қарағанда несиеге алған, 900 мың үстінде ақшасы болды”, – дейді күдіктінің әпкесі Ләйлә Жангелова.

Күдікті қамауға алынған. Қазір полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Қанды оқиға Құлсарыны түгел дүр сүлкіндірді.  Жұрт қаралы күнді еске алғысы келмейтінін айтады. Ал кісі қолынан қаза тапқан әйелдің артында қалған 7 баласының кішісі – 5 жаста, үлкені – колледж студенті. 

Еске салсақ, осыған дейін Атырау облысында көпбалалы әйелді аяусыз өлтіріп тастағанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау