Атырауда жеті баланың анасын пышақтап өлтірген
Атырау облысы Жылыой ауданда ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қанды оқиға 26 қараша түнде болған. 25 жастағы ер адам жанжал кезінде әйелге бірнеше жерінен пышақ салған. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
“Аталған дерек бойынша 25 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде”, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, осыған дейін Атырау облысы Сағыз ауылында жастар төбелесіп, бір адам қаза тапқан еді. Іздеуге жарияланған үш күдіктінің біреуі ұсталды.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”