Некеден кейін әйелдерге қарағанда ерлер салмақ қосып семіздікке шалдығады – Зерттеу
Варшавада жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, неке қиғаннан кейін әйелдерге қарағанда ер азаматтардың семіздікке шалдығу қауіпі жоғары екені анықталды. Дерекктерге сүйенсек үйленген ер адамдар бойдақ кезіне қарағанда бірнеше есе салмақ қосады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тheguardian.com порталына сілтеме жасап хабарайды.
Фото: pixabay.com
Зерттеулерге сәйкес, неке ерлерде семіздік қаупін үш есе арттырады. Бірақ әйелдерге әсер етпейді. 1990 жылдан бастап әлемде семіздік деңгейі екі еседен астам өскен. Ал болжам бойынша, 2050 жылға қарай ересектердің жартысынан көбі мен балалардың үштен бір бөлігі артық салмақтан зардап шегеді.
Варшавадағы зерттеу ерлі-зайыптылардың үйленбегендерге қарағанда семіздікке шалдығу ықтималдығы 3,2 есе жоғары екенін көрсетті. Неке ерлерде артық салмақ ықтималдығын 62% және әйелдерде 39%-ға арттырады. Қытайдағы зерттеулер болса, ерлердің ағзасы калория тұтынудың жоғарылауына және физикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты некеден кейінгі алғашқы бес жылда жоғарылайтынын растады.
“Зерттеулер артық салмақ тек жеке таңдау емес, әлеуметтік, психологиялық және кеңірек қоршаған орта факторларының күрделі қоспасынан туындайтынын тағы бір еске салады. Жыл өткен сайын, адамға жас қосылған сайын артық салмақпен немесе семіздікпен күресу қаупі артады. Әсіресе әйелдер үшін. Сонымен қатар, ерлердегі неке мен семіздік арасындағы байланыс өмір салтының өзгеруіне байланысты”, – деді Семіздік денсаулығы альянсының директоры Кэтрин Дженнер.
Жыл сайын артық салмақтың өсу қаупі ерлерде 3% және әйелдерде 4%-ға артады. Күйзеліс пен денсаулыққа мән бермеу әйелдерде семіздік қаупін екі есе арттырады.
Сарапшылар семіздік тек жеке шешімдердің емес, әлеуметтік, психологиялық және сыртқы факторлардың жиынтығының нәтижесі екенін атап көрсетеді. Ер адамдар қмір салтының өзгеруіне байланысты некеден кейін салмақ қосса, әйелдер, керісінше, әлеуметтік қысымға байланысты өз салмағын қадағалауда мұқият болып келеді.