AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге криминалдық авторитет Дикий Арман Қазақстан боксшыларына рух беріп жүр: Бокс Федерациясы жауап берді

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық боксшыларға, оның ішінде олимпиадашыларды әлем чемпионатындағы жекпе-жекте жаттықтырушылары емес, Дикий Арман лақап атымен танымал криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиевтің жөн сілтеп жатқанына наразы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Желіде Дикий Арманның боксшы Асланбек Шымбергеновке" өлсең де жеңу керек" деп рух беріп жатқан видеосы пайда болды. Осы уақытта спортшының жанынан жаттықтырушысын да көруге болады. 

"Сен жаттықтың ғой, ал қазір көрсет. Соңына дейін, соңғы секундқа дейін бар қолыңнан келгенін жаса. Өлсең де жеңіске жетесің! Чемпионсың ғой! Қазақсың! Қане! Біз саған қолдау көрсетеміз!", - дейді Жұмагелдиев спортшыға.

Резонанстық видео әлеуметтік желілерде таралды.

Көпшілік мұндай адамның қазақстандық боксқа ықпалын айқын көрсетіп отырғандығына наразы болды. 

"Не себепті біздің спортшылардың мотивациясымен жаттықтырушы немесе психолог емес Дикий Арман айналысады. Спорт федерациясы не қарап отыр сонда? Мүмкін бәрін таратып жіберіп, келесі олимпиадаға қатысуға боксшыларымыздың өздерін жібереміз? Нәтиже де жақсы болады, ақшаны да үнемдеп қаламыз”, - деп жазады Facebook қолданушысы Ілияс Мыңжасаров.

"Бұл видеоға мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі қалай түсініктеме береді? Немесе бұл рухани жаңғыру бағдарламасы ма?"- деп желі қолданушылары таң қалысты.

"ІІМ базаларында есепте тұрған адамға Қазақстанның ресми спорт делегациясының сөзін сөйлетіп, аккредитациядан өткізіп, VIP бейдж берген шенеуніктердің ақыл-есі дұрыс па?”, – 

"Бірден көрініп тұр елдегі беделді адам кім екені? Ғалым да жоқ, дәрігер де жоқ, өнер қайраткерлерінің ішінде Байзақова бар. Бізді қандай болашақ күтіп тұр? Ешқандай", – деп ашынды желі қолданушылары. 

Бұл оқиғаға Қазақстан бокс федерациясы пікір білдірді. 

Олардың айтуынша, Қазақстан бокс федерациясы боксшыларды даярлау аймағына кімнің кіретініне жауап бермейді. Өйткені чемпионат Қазақстанда өтіп жатқан жоқ. Сол себепті басқа адамдар ұйымдастыру жағына жауап береді. 

"Бұл чемпионат Қазақстанда емес, Сербияда өткендіктен, біз ұйымдастыруға, сондай-ақ белгілі бір адамдардың спортшылар шығатын немесе жаттықтырылатын аймаққа өтуіне жауапты емеспіз. Мұнымен қабылдаушы тарап айналысады. Біздің міндетіміз - боксшылардың жақсы нәтижеге қол жеткізуін, өздерін жақсы сезінуін, баспанаға және тамаққа байланысты мәселелерінің болмауын қамтамасыз ету", - деп жауап берді ұйымның баспасөз хатшысы Аян Төлеген. 

Арман Жұмагелдиев күзеттен қалай өткеніне федерацияда жауап бере алмады. Бірақ чемпионатқа оның Қазақстан құрамасының жанкүйері ретінде барғанын, бокс жанкүйерлерінің әрқайсысын физикалық тұрғыдан бақылай алмайтындарын жеткізді. 

"Чемпионатқа көптеген қазақстандық жанкүйерлер барды. Біз олардың немен айналысып, қандай әрекет жасайтынын бақылай алмаймыз. Шынымды айтсам, біз онымен айналыспауымыз керек", - деді ҚБФ өкілі.

Айта кетейік, Сербия астанасы Белградта бокстан әуесқойлар арасында 21-ші әлем чемпионаты өтуде. Жарыс 24 қазанда басталып, 6 қарашаға дейін жалғасады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр