Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге жарамайтын министрді орнынан түсіріп тастамадыңыздар?": Назарбаев депутаттарға шүйлікті

Nur Otan партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс фракциясының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Біз бұрынғыша жұмыс істейміз. Бізде «фракция» түсінігіне әзіл араласқан. Әлі күнге дейін фракцияның мықты күш екенін білмейміз. Көпшілік айқындайды. Фракция премьер-министрдің кандидатурасын айқындады, тағайындады. Жаңа заң бойынша министрлер парламенттің келісімінсіз өтпеуі тиіс. Неге біреуін қабылдамай қоймадыңыздар? Неге дұрыс жұмыс істемегені үшін орнынан түсіруді ұсынбадыңыздар?» - деді Елбасы. 

Тұңғыш президент фракция жетекшісі ретінде Нұрлан Нығматулинді ұсынды. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысын ашқаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, аталған отырыс барысында премьер-министр Асқар Мамин көпбалалыларды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінетінін айтты

Талқылау