Назарбаевтың есімі Қазақстан әнұраны авторларының қатарынан алына ма?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі әнұран авторлығынан алына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік Әнұран мәтінін 2006 жылы жазған болатын. Мусин Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер туралы заңды өзгертпейтіндіктен, Назарбаевтың авторлығы алынбайтынын айтты.
"Қазір Қазақстанда мемлекеттік рәміздер туралы Заңға өзгерістер енгізу мәселесі алға қойылған жоқ. Егер біздің Тұңғыш Президентіміз ресми түрде Әнұран авторларының қатарында болса, онда оның есімін ешкім заң бойынша алып тастай алмайды", – деді Қанат Мусин.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң мен Астана атауын қайтару жайлы жарлыққа қол қойған еді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады