Назарбаев мектептерінің атауын өзгерту асығыс шешім – Министр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауын өзгерту туралы мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vs.nis.edu.kz
Бейсембаевтың айтуынша, Назарбаев мектептерінің атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Министр НЗМ оқу ордасы ретінде өзінің өміршеңдігін көрсеткенін және көптеген оң нәтижелері бар екенін атап өтті. Қазір бұл ұйымның қамқоршылық кеңесі ауысып жатыр. Министр кеңесте мектептердің атауын өзгерту және қаржыландыру мәселелерін көтеруге уәде берді.
“Қайта құру өте қиын. Сондықтан бұл мәселені әлі де зерттеп, дұрыс шешім қабылдаймыз. Менің ойымша, эмоцияға негізделген шешім қабылдамау қажет", – деді министр.
Естеріңізге салайық, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атымен аталатын мектептердің, университеттің және қорлардың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айырылған еді.
Талқылау
Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”
Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді