Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қоры тұңғыш президент туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар төлеген – БАҚ

ҚР тұңғыш президентінің қоры Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар төлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі PROTENGE Telegram арнасына сілтеме жасап. 

“Қор тұңғыш президентіміз туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар төледі. 2021 жылы жарыққа шыққан "Qazaq. Алтын адам тарихы" фильмін атышулы Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жария етті", - делінген хабарламада.

Осы қаражатқа қатысты ауқымды зерттеу қаңтар айында жарияланған болатын. Қордың қайырымдылықтан бөлек, миллиардтаған долларды құрайтын активтерді басқаратыны атап өтілді.



"Бұған дейін Қазақмыстың Назарбаевтың қаражатына 79,4 млрд теңгені аударғаны белгілі болған еді. Ал бұл көрсеткіш тек соңғы төрт жылда ғана. Қазақмыс 2018 жылдан 2020 жылға дейін қаражатты осы қорға аударып отырған. Алайда, 2021 жылы ол өз қызметін тоқтатқаннан кейін оның орнын басқа салымшылар басқан. Дегенмен бұл туралы ақпарат жасырылған", - делінген хабарламада.

Талқылау