Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Бұл мешіттің құрылысын мен бастадым»: Назарбаев Нұр-Сұлтанда мешіт ашты

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылып, оның салтанатты ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz

"Осындай қасиетті жұма күні елордамыздан мешіт ашып жатырмыз. Бұл – тек елордалықтар үшін ғана емес, барша мұсылман үшін маңызды оқиға. Мен осы мешіттің құрылысын бастағаным үшін құдайға шексіз разымын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, тәуелсіздік жылдарында елордада көптеген ғимараттар бой көтерді.

"Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің барлық аймақтарында мешіттер ашылды. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғаларды қабыл етсін. 2019 жылдың наурыз айында өкілеттігім тоқтатар алдында осы мешіттің алғашқы кірпішін қалағам. Менімен бірге еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Алладан жарылқап, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлдене беруін  тілейміз", – деп қосты Елбасы. 

Бұл мешіт Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ. Бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуық, ал мұнаралары 130 метр биіктікте. Мешітке 30 мың адамға дейін сыяды.

Талқылау