"Найзағай ойнап, екпінді жел соғады": "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
"Қазгидромет" Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелерде болғандықтан, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.
“1 шілдеде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.
29 маусым мен 1 шілде аралығындағы ауа райы болжамы бойынша республиканың солтүстігінде күндізгі температура +25+30, орталықта +30+35, оңтүстікте +33+38, оңтүстік-шығыста +28+33 деп күтілуде. Ал республиканың батысында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, ауа күндіз +25+30, оңтүстік-батыста +33 градусқа дейін жылынады. + 38
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"