Наурыз айында Қазақстанда алтын құймаларға деген сұраныс екі есеге жуық өсті
Наурыз айында қазақстандықтардың алтын құймаларға сұранысы екі есеге жуық өсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк Қазақстанда алтын құйма сұранысы артқанын мәлімдеді.
"2023 жылдың наурыз айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жеке айырбастау пункттері жалпы салмағы 175 кг болатын 4568 өлшеуіш құйманы сатты", – делінген хабарламада.
2023 жылдың ақпан айында жалпы салмағы 83 кг болатын 2 653 өлшеуіш құйма сатылған.
2022 жылы айына сатылған құймалардың орташа саны – 3162, орташа жалпы салмағы – 92 кг.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген