Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны анықталды

Израиль мамандары ақ нан  мен қара нанның адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтады.

dreem130928-660x429

Ғалымдар қанша мөлшерде нан жесең де, оның асқазан микрофлорасына әсер етпейтінін айтады, алайда ескерер жайттар бар.

Зерттеуге 20 адам қатысты. Олардың бәрі зерттеуге дейін күнделікті тамақтану кезінде орта есеппен қуаттылығы 10 пайыз болатын нан жеп келген. Қатысушыларға екі апта бойы нанды екі есе көп жеу ұсынылды. Олардың жартысы ақ нан, жартысы қара нанды таңдады. Екі аптадан соң олардың ағзасындағы қан глюкозасы мен қажетті минералдарының құрамы тексерілді.

«Біз ойлағаннан да басқа қорытындыға көз жеткіздік. Екі нанның қандай жағдайда болса да клиникалық тұрғыда еш айырмашылы болған жоқ», – деді зерттеуші Эран Сигал.

Бірақ бұл зерттеу мамандардың айтуынша жалпылай алғандағы қорытынды. Егер әрбір адамды жеке-жеке зерттейтін болса, айырмашылықтар байқалады.

Анығында ақ нан жеген қатысушылардың жартысының ағзасы нашарлай бастаған. Бұл дегеніміз оларға ақ наннан басқа түрін жеу керек деген сөз.

Мамандар бұл өзгерістің ағзаның нанға гликемиялық реакция беруінен және әр тағам талшықтарына байланысты болғанын айтады. Ғалымдар мұндай тұжырымның барлық адамға қатысты емес екенін ескертеді.

Тағы да оқыңыз:

Ұзақ өмір сүрудің жапонша 11 тәсілі

Құлпынайды денсаулығыңызға зиян келтірмейтіндей қалай дұрыс таңдау керек?

Сақтана жүріңіз: Сарыауру қандай жолдармен жұғады

Талқылау