Нан алуға шыққан ер адам 246 миллион теңге ұтып алды
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын ер адам дүкенге нан алуға барып, күтпеген жерден ірі ұтысқа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамның айтуынша, ол дүкенде нан мен қоса лотерея билетін де сатып алған. Үйіне келген соң билетін тексерсе 500 мың доллар (шамамен 246 миллион теңге) ұтып алғанын білген.
“Көргенімде өзіме сенбедім. Нөлдердің санын бірнеше рет қайта санадым”, – дейді жеңімпаз.
Ол әзірге ұтысқа ие болған қаражатты қайда жұмсайтынын шешпеген.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон қаласының тұрғыны туған күнінен бірнеше күн өткен соң лотереядан 5 миллион доллар ұтқан еді. Ол сәтті билетті жұмысқа бара жатқан жолда сатып алған.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
