Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты
Осыдан бірнеше жыл бұрын Абай Бегей алдымен анасынан, кейін жарынан көз жазып қалған кезде уағыздар тыңдап, сол арқылы қиындықтарды жеңе білдім дейді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Қатты қиналдым. Әбдірахман Сманов уағыздары мені алып шықты сол қиындықтан. Соған барамын», – дейді Абай Бегей.
Жын-ойнақтың мекеніне айналған түнгі клуб, арақ-шарапсыз өтпейтін той-томалақта ән айту халалға саналмайтыны белгілі. Ал, әнші қауымның көпшілігі бұндай кештерде өлең айтып жататыны ешкімге жасырын емес. Тіпті, намазға жығылған әншілердің де сауналар мен казино төңіректеп қайтқан кездері туралы да ел ішінде айтылып жатады. Ал, амалсыз халал емес кештерде өнер көрсеткен жағдайларда әншілер күнәмізді жуып аламыз дейді.
«Тойда арақ-шарап қойылып жатады. Бірақ арақ болған тойларда сол қонақтықтан шыққаннан кейін шаршап қаласың. «Аятул-Курси» оқылған жерде жын-шайтан, басқа да әрекеттер Алланың қалауынсыз ешкім ештеңе істей алмайды екен», – дейді әнші.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ
Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)