Намаз оқып, ораза ұстап жүр: Меруерт Түсіпбаева түрмеге жабылған Әлібидің жағдайы туралы айтты
Меруерт Түсіпбаева Ақтөбеде 10 жылға сотталып кеткен лагерь тәрбиешісі Әлібидің жағдайы туралы айтты. Әнші талантты жастың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
“Жаңа ғана Асхат Маемировпен сөйлестім. Әлібидің казіргі жағдайы туралы, нағашы апкесі Қырмызы ханым пост жазыпты. Асхат мырза , ертең Астанаға келеді, сөйлесіп, ақылдасамыз деді. Қанша танымал адам бас қосып, әділдікке жете алмай қойдық. Ең соңғы рет “Евразия“ арнасынан Әлібиге арналған бағдарламаны бір көрсеткен соң көзін құртқызды (қай дөкей екен…) ютубқа салғызбапты. Енді не істеуге болады?! Әлібиге айттым шыдамды бол деп…. Зорланған-қорланған адам жоқ!
Намазға жығылып, ораза ұстаған екен. Аллах жар болшы!!! Ана жолы өзім жасадым деп тәсбих ұстатып кетті қоштасарда. Тар қапаста отырып, мені құр қол жібергісі келмегені ғой. Осы жасыл таспихты, жол-сөмкемнің қалтасында ұстаймын. Жолсапарда үнемі менімен бірге”, – деп жазды әнші.
“Әліби босап шықсыншы деп тілеймін Алла жеңілдігін берсін”, “Жап-жас жігіттің өмірін быт-шыт қылды ау. Құдай-ау әділдік қайда? Неге жазықсыз жан жапа шегу керек? Не себепті? Алла ұлық, бәрін көруші, білуші. Қандай қиын. Жүрегім аурып отыр”, “Алла жар болсыншы”, “Бұл балаға қандай айып тағылып отыр?”, “Алла кінәсі барларды еш жазасыз қалдырмайды. Жазаларын аямай алсын”, “Кімнің жазықсыз екенін Алла ғана біледі”, – деп жазды желідегі оқырмандары.
Бұған дейін біраз әнші Әлібиге қолдау білдірген еді. Айта кетейік, лагерьдегі балаларға азғындық жасады деп сотталған студентке шығарылған үкім сол күйі өзгеріссіз қалдырылған еді. Алайда жәбірленуші тарап әлі де Әлібидің ақталып шығуынан үмітті.