Соңғы жаңалықтар

"Ол менің шәкіртім": Мөлдір Мұқанова Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне араша сұрайды

Ақтөбеде "Ақбөбек-Восток" балалар лагерінде тәрбиеші болып қызмет еткен Әліби Өтепберген 10 жылға сотталған еді. Ол лагерь тәрбиеленушілерін қорлаған деп айыпталды. Алайда оған араша түскендер көп. Солардың ішінде өнер жұлдыздары бар. Мөлдір Мұқанова соттаушының өз шәкірті екенін айтып, жәбірленушілерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордада оқып жатқан студент демалыс кезінде жұмыс істеуді жөн көріп, лагерьге жұмысқа орналасады. Алайда ата-аналардың арызанан соң жұмысынан шеттетілді. Білім бөлімінің қызметкерлері Әлібидің балалармен тіл табыса алмағанын айтты. Алайда іс сотқа дейін жетіп, Әліби 10 жылға бас бостандығынан айырылды

«Әліби Өтепберген кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық көрсетпестен бірнеше рет азғындық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең жоғары қауіпсіздіктің түзету жүйесіндегі мекемеде өтейтін болады», - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Видеобращение юриста-педагога Акылжана Куантаевича Депутатам Парламента РК, Верховному Суду и Актюбинскому областному суду по делу Отепбергена Алиби. #ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК @tokayev_online @akordapress @jogargy_sot @aktobesot @smusaktobe @aqtobe_qalalyq_soty @nur_otan @aktobe_akimat @aktobe.akimat @tengrinewskz @kaznews @kaz.nurkz @azattyq @azattyq.ruhy @qazaqstan_aqparat @ktktv @khabartv @kaztrk_kz @anticorruption_aqtobe @aqtobe_obl_prokuratura @zhasulan_daulembaev @aqtobe_press @opytnaiastanciya_blago @zhaloby.aqtobe @aktobe_ovp @gorod_aktobe @gazeta_diapazon @aktobe_zhaloby @aqtobetv

Публикация от Aktobe✈Astana (@alibige_adildik)

Әлібидің жақындары сот үкімімен келіспей, президенттен көмек сұрап, хат жазды. 

"Әліби лагерьде 5 күн ғана жұмыс істеді. Балаларды дискотекаға жібермей қойғандықтан олар кек алмақ болған. Ол әділетсіздіктің құрбаны болып отыр. Әлібидің қорғаушысы оның кінәсіздігін толық дәлелдеді. Сот балалар мен ата-аналардың сөзін ғана негізге алып отыр. Бұл балалардың ойдан шыққан қиялы", - деп жазды жақындары. 

Президентке хат жазып, араша сұрағандар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, әнші Света Айтбаева, журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бар.

Бұл ретте өнер жұлдыздары да қалыс қалған жоқ. Мәселен, Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Әлібиге араша сұрайды. Әлібидің өз шәкірті екенін айтты. 

"Суреттегі жігіт ММ өнер-білім орталығының шәкірті болған, қазіргі таңда "Шабыт" университетінің студенті Өтепберген Әліби, қылмыстық кодекстің 124 бабының, 3-тармағымен шығарылған үкім бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. 
Айта кететіні, арыз беруші ата-аналардың жартысы арыздарын қайтып алыпты. Бұл мәселеге қатысты өз тарапымнан айтар уәжім мен өтінішім бар.

Назар аударсаңыздар екен. Құрметті арызын қайтарып алмаған ата-аналар, сіздерден басымды иіп тұрып, ӨТІНЕМІН мәселеге бір жақты емес, жан-жақты көзқараспен қарап, саралап, ойға салып, арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар екен деген бірінші кезекте АНАЛЫҚ өтінішім. Әрине, әр АНА ең бірінші кезекте өз перзентін қорғайды, сенеді, қолдайды. Әлібидің де анасы өз баласы үшін барын салып қорғар еді, өкінішке орай бірнеше жылдар бұрын марқұм болып кеткен. Әрқайсымызда бала бар, олардың болашақтары бар. Перзентіміздің болашағы үшін әлсізге мейірім танытып, қолдау берейікші.

Ата-аналар, алда қасиетті Рамазан айы келе жатыр, келеңсіз оқиғаны өткен уақытта қалдырып, мұсылмандықтың ең басты белгісі мейірімділік пен әділдік танытайықшы деп өтінемін.

Жазып отырып, көзімнен жас тоқтамай отыр. Өйткені алдымыздағы әр шәкірт өз баламыздай ыстық. Адам түгіл, жәндікке зиянын тигізбейтін Әлібидің дәл бұндай сынаққа душар болды дегенде шыны керек, біразға дейін біртүрлі сезімде болдым. Елімізде карантин болмағанда әрқайсысыларыңызға барар едім, жеке-жеке өтінер едім", - деп жазды Мөлдір Мұқанова желіде. 

Димаштың анасы Света Айтбаева да Әлібиді жақтады. 

"Менің Димашыммен жасты екен. Сотталып кеткені обал болды. Егер анасы тірі болса, әлгі арыз берген әйелдердің үйінің алдына көлденеңнен жатып алса да, арызын алдыртқызатын еді ғой", - деп жазды Айтбаева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр