Нағима Есқалиеваның ұлы өзін танымайтын жұртқа ренжіп жүр
Нағима Есқалиеваның жалғыз ұлы, әнші Диас Абылаев өзін танымайтын жұртқа ренжіп жүр. Бұл ретте Халық әртісінің атұстары халыққа өзін мойындата білген Әли Оқаповқа қызғанышпен қарайтынын мойындады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Ел мені еріккеннен ән айтып жүр деп ойлайды. Яғни, ән айту сенің негізгі мамандығың емес, тек уақытша хобби деп жатады. Иә, алғашқыда өнерді кеңседегі жұмысыммен қатар алып жүрдім. Бірақ таныстарым: «Әлі де Астанада жұмыс істеп жүрсің бе?» деп сұрағанда Wtf? Мен 4 жылдан бері сахнада жүрген әртіспін», – деді тыңдармандарға ренжіген Диас.
Бұдан өзге, Халық әртісінің ұлы репертуарындағы әндерді өзі жазатынын айтты. Сондай-ақ, көптеген іс-шараларда анасының атымен таныстырылатынын айтып ренжіді.
«Әрине, бұл проблеманың 2 себебі бар: біріншіден – мені әртіс ретінде танымайды, ал екіншіден – жеке әрі қалыптасқан әртіс ретінде мойындамайды. Бұл орайда Әлиге аздап қызғанышпен қараймын. Ол өзін мойындатты. Ал мен бұл мәселеде кешігіп жатырмын», – дейді Диас ағынан жарылып.
Диастың айтуынша, тіпті, ең жақын достары да оның әртіс болып кеткеніне үйренісе алмай жүр.
«Біреу суретке түсуге келсе немесе жылы лебізін білдіріп жатса, достарым таңғалады. Мені мазақ қылып, жаныма келген адамдардан: «Ал сіз кіммен суретке түспекшісіз? Мына жігітпен бе? Ал бұл кім?» – деп сұрайды. Бірақ бұл бір жағынан жақсы. Себебі кім болсам да, достарым үшін мен баяғы Диаспын», – дейді әнші.
Сөз соңында Есқалиеваның ұлы сахнада барын салып жүргенін, алайда көрермен ықыласының төмен екенін жеткізді.
«Демек табандылықпен жұмыс істеу қажет», – деп түйіндеді сөзін ол.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер боп жаралсам, гей болар едім
Андрей Малахов “Пусть говорят” ток-шоуынан кетті
«Ninety one» тобы туралы фильмде ел білмейтін құпиялар ашылмақ
Марқұм әпкесін еске алған Роза Әлқожа тыңдармандарын жылатты (видео)