Мұрны сынған: Атырауда БАҚ қызметкерін белгісіз біреулер ұрып кеткен
Атырауда "Дорожный контроль" порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға өз үйінің алдында шабуыл жасалған. Алғашында әйелден көмек сұрап, кейін бетінен соққы жасаған күдікті журналистің мұрнын сындырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз Masa media
19 шілдеде үйінің шыға берісінде тілшіге бейтаныс ер адам жақындаған. Алғашында көмек сұрап жүгінген ол, содан соң әйелдің бетінен ұрып, оның құлағанына қарамай аяқпен тепкілей берген. Олесяны кездейсоқ өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған. Ауруханада оған мұрны сынған деген диагноз қояды.
Тілші шабуыл әрекеті бойынша полицияға арызданған, оған "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры заңгерлік көмек көрсететін болды.
- Алматының қақ ортасында танысы қызды қан-жоса етіп ұрып кеткен
- Алматыда бір топ адам ТЖО қызметкерлерін ұрып кеткен (видео)
Бір қызығы, шабуыл болатын күнге дейін, 16 шілдеде әйелге қоқан-лоққы жасалып, ол тіпті бұл туралы арызбен прокуратураға жүгінген. Оған белгісіз нөмірден хабарламалар келіп түскен, онда журналистке аты аталмаған ЖШС иесінен сақ болу керектігі айтылған.
13 шілдеде Вертинскаяға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда прокуратураға түскен арыздан кейін іс жабылды.