Қазақстандық оқушылар Халықаралық химия олипиадасында төрт жүлде иеленді
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO 2026) Қазақстан құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Ұлттық құраманың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанып, бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алтын медальді Өскемен қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Женісханова Айзере жеңіп алды.
Күміс медаль иегерлері:
- Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Қали Әбілмансұр;
- Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы Полетаев Данил;
- Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы Жақсылықов Ансар.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
- Бегдаир Санжар Саматұлы – KAIST университетінің (Корея Республикасы) студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
- Нұртазин Ануар Абайұлы – химия және экономика магистрі, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар теориялық және практикалық екі бес сағаттық кезеңде күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындады.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
