Соңғы жаңалықтар

Мұңды болуымның себебі бар: Мәдина Сәдудақасова жан сырын ақтарды

Тыңдармандар соңғы уақытта Мәдина Сәдуақасованың жеке өміріне алаңдаулы. Әншінің ажырасып кеткені жайлы желіде ақпарат тарап жатыр. Әншінің өзі бұл сұраққа жауап бергісі жоқ.

Қазақстанның ең сұлу арулары сұлулықты сақтап қалудың құпиясын бөлісті

Сұлу ханым Мысыр елінде демалып қайтты. Елдің көрікті жерлері мен табиғаты, ерекшеліктері туралы ерінбей баян етті. Демалыстың керемет өткенін жазып жүр. Ал жеке өмірі туралы мүлде сөз қозғамады.

Әнші Мысыр елінде сіңлісі Жәниямен, өз ұлы Әнуармен бірге демалды. 

"Мына демалыс бұрынғы барған демалыстардан өзгерек, өйткені бүкіл әлемді covid жаулап , басқа мемлекет түгілі, өз үйімізден шықпай қалған күндер де болды.. Тәуекелге бел буып, Египетке ұштық! Құпияға толы Мысыр, Қызыл теңіз, ыстық құм, тропикалық жеміс жидектер бір сәтке әлемде болып жатқан дертті ұмыттырса да, елге қайтқың келіп тұрады, сағындырады. Өз еліңнен ыстық, сұлу да тартымды, қымбат жер жоқ бұл ғаламда! Демалдық, күш жинадық, көңілімізді ауладық аз уақытқа, шабыттандық, рахмет, енді өз еліме, қазағыма қайттым! Жаңа әндерім бар шығаратын, жаңалықтарым көп айтатын... Жолымыз ақ болсын!", - деп жазды Мәдина ханым. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бүгін өмірімде бірінші рет квадроцикл айдадым, “отырыңыз, өзіңіз барасыз” десе , мен де отыра қалыппын ғой, алдымда ұлым жайғасып алған айдала, құм- топырақ , қасымыздан зырылдап басқа квадроциклдағы экстремалдар өтіп кетеді, сосын бір жетіп болмадық қой, , шынымды айтсам, қатты қорықтым бара жатқан кезде, ал кері қайтқанда аса қорқыныш болмаса да , енді отырмаспын жүргузуші болып “ дедім өзіме... Бірақ, өмірде бәрін білген жақсы “ дейді ғой, “ за то” квадроцикл айдай алам ) Египетте үйрендім 😊 #туристыkazunion @kazuniontouroperator

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Ал желі қолданушылары не себепті жолдасы өзімен бірге демалуға бармағанын сұрап жатыр. 

"Олжас қайда? Жолдасыңызбен ұрысып қалғансыз ба?", "Мәдина күйеуімен ажырасып кетті деп жатыр, сол рас па?", "Неге жеке өміріңізге қатысты сұрақтарға жауап бермейсіз. Сіз үшін алаңдаймыз", "Жеке өміріңізге қатысты өзгеріс болғаны шындық", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова жолдасы жайлы сұраққа жауап бермейтінін кесіп айтқан еді. 


"Ол туралы айтқым келмейді": Мәдина Сәдуақасованың күйеуімен ажырасып кеткені рас па?


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр