Президент әкесі туралы фильм түсіруге қатысты пікір білдірді
Бұған дейін әлеуметтік желіде продюсерлік орталықтың Кемел Тоқаев жайлы фильм түсірілетіні қызу талқыға түскен еді. Qazaqstan арнасына берген сұхбат барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай тапсырма бермегенін және фильм түсіру бастамасын қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің "Әке туралы ой-толғау" туралы кітабымның желісімен фильм түсірілетіні туралы естідім. Мен мұндай тапсырма берген жоқпын. Мұндай қолдамаймын. Дегенмен бұл менің өз кітабымнан бас тартамын дегенді білдірмейді. Кітапты мазмұнды деп санаймын. Себебі берері мол. Мұны ата-ана алдындағы борышым деп санаймын", - деді ол сұхбат барысында.
Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысуы жайлы айтты
Айта кетейік, жақында Қасым-Жомарт Кемелұлының “Әке туралы ой-толғау” атты кітабының желісі бойынша көркем фильм түсірілетіні жайлы ақпарат тарады. Таралған фотода көркем туындының аты “Кемел” (Әке тағдыры) деп аталатыны және 2020-2021 жылғы сценарий деп көрсетілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"