AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай деректерді бірінші естіп тұрмыз": "Дикий" Арманның қорғаушылары прокуратура таққан айыпқа жауап берді

Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары Бас прокуратура өкілінің мәлімдемесіне қайран қалғандарын жеткізді. Олардың сөзінше, тергеудің мән-жайы құпия болғанына қарамастан, құзырлы орган ақпаратты өздері жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Арман

"Дикий" Арманның адвокаттары өздеріне тергеудің мән-жайын таратпау жөнінде құжатқа қол қойдырмақшы болғандарын айтады. Алайда мәлімдемеден кейін прокуратура өкілдері тергеу жөнінде құпия ақпаратты жария еткен. Сонымен қатар "келтірілген деректерді алғаш рет естігендерін" мәлімдеді. Олардың сөздерінше, қылмыстық қудалау органының қаулысында Арманға мұндай айыптар тағылмаған екен. 



"Біз Бас прокуратураны сәйкес процессуалдық шараларсыз Жұмагелдиев Арманға қатысты жалған айыптар тағып, БАҚ пен қоғамды жаңылдырды деп санаймыз. Бұл тергеудің тек біржақты, айыптау мақсатында ғана жүріп жатқанын көрсетеді", - деді адвокат Талғат Есімов. 

Айта кетейік, бұған дейін қорғаушылар шұғыл мәлімдеме жасап, Арман Жұмагелдиевтің адам шошырлық жағдайда қамауда отырғанын мәлімдеген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр