Желіде қаңтар оқиғасы кезінде "Дикий" Арманның ұсталған сәтінің видеосы пайда болды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс серкесі “Дикий” Арманның ұсталған сәті түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақпарат” сілтеме жасап.
Ұстауға қатысты арнайы операция Алматыдағы қонақүйлердің бірінде болған. Тінту кезінде ұсталған азаматтан қару табылды.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер “Дикий Арман” деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстағаны хабарланған болатын. Кейін ішкі істер министрлігі оның ұсталуының жай-жапсарын айтып берді.
Мәселен, Алматыда арнайы операция нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі “Дикий” Арман бастаған қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыскерлер ұстау кезінде қарсылық көрсетпек болған. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі тапанша, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен брондалған автокөлік тәркіленді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады