Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек полицейлерге: Бұйрықпен келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз

Мұхамеджан Тазабек полиция қызметкерлерімен кездесу кезінде оларға алаңға келгеннен кейін мемлекет үшін шаруасын жасауға кеңес берді. Сондай-ақ, ол шын жанашыр адамдардан жақындарын алаңға жібермеуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұхамеджан ТазабекСурет: Асыл арна, azattyq.org

«Арманы – алаңда кездестіру. Егер полиция щит ұстап, каска киіп тұрса немесе бір ақсақалды полицейлер көтеріп алып кетіп бара жатса, «Ойбай, мына полиция оңбаған. Әке-шеше, қария сыйлап көрмеген, оңбаған деп айтқысы келіп тұрады біреулерге. Бұл арандатуға өмірі сенбеу керек», - деді Мұхамеджан Тазабек. 

Әрі қарай ол алаңға келген полицейлерге өз ісін дұрыс атқаруға кеңес берді. Сондай-ақ, елде шын күн көргісі келетін адамның күн көре алатынын айтты. 

«Қазақтың қариясы мен анасы... Егер де оның баласы мен шешесі жанашыр болса, алаңға шығармасын. Қазақстанды ешкім аштан өлмейді. Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Алаңға келген адамдардың 50%-ын «жертво» қылып шығарып жатыр. Сіз "приказбен" келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз», - деді Мұхамеджан Тазабек. 

Естеріңізге сала кетсек, белгілі қорғаушы Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекті осы сөздері үшін сынап, оны сауысқанға теңеп, жағымпазданбауға кеңес берген еді

Талқылау
Пікір
Нурмухасан
29 Қыр, 20 жыл - 20:15