Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінде қалды
Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған мәліметке сүйеніп.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
- Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып орнында қалды
- Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
Мусин алғаш рет ЦДИАӨМ министрі болып 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған, оған дейін, яғни 2020 жылдың шілде-қыркүйегі аралығында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болды. Ал одан бұрын, 2020 жылдың наурызынан бастап Президенттің цифрландыру және цифрландыру жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі