Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып орнында қалды
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі орнында қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.
"Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1991-1992), Түркия университеттерінде: Мармара (1992-1996), Докуз Эйлюль (1996-1997), Эгей (1997-1998), Стамбул (1998-2001) университеттерінде білім алған.
Ол 2022 жылдың қыркүйегінен бастап министр қызметін атқарды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”