Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Мұрат Мұханов
Фото: Primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Мұхановты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Мұрат Мұханов кім?

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау саласында 2002 жылдан бері еңбек етіп келеді.

2006 жылы Қазақстан ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, ал 2020 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты ретінде бастаған. Кейін нормативтік-техникалық бөлімнің бас маманынан Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына дейінгі қызметтік жолдан өтті.

2006-2010 жылдары мемлекеттік өрт бақылау саласында түрлі қызмет атқарды. 2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімін басқарса, 2016 жылы Өрт қауіпсіздығы саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы болды.

2017 жылдан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы аталған департаменттің басшысы болып тағайындалды.

Ал 2026 жылғы маусымнан бері Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген.

Осылайша, азаматтық қорғау жүйесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар Мұрат Мұханов енді Төтенше жағдайлар министрлігін басқарады.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 11:36