Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектер арбасын ұшақ бортына кіргізбеген: FlyArystan әуекомпаниясы мүмкіндігі шектеулі жолаушыдан кешірім сұрады

FlyArystan әуекомпаниясы мүмкіндігі шектеулі жолаушыдан мүгедектер арбасын бортқа алып кіруге рұқсат бермегені үшін кешірім сұрады. Бұл жөнінде Нияз Сүндетәлиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әуекомпания өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Алматыда қалып қойған арба жақын арада ұшақпен Қарағандыға жеткізіледі. Мен ваучерден, сондай-ақ авиакомпанияның ұсынған барлық ұсынысынан бас тарттым. Мен үшін мүмкіндігі шектеулі адамдардың әуежайда, ұшақ бортында әрқашан көмек көрсетілетініне және кез келген жағдайда мәселенің шешімін табатынына сенімді болғаны маңызды, менің жағдайымдағыдай бір күннен кейін емес, сол мезетте", - дейді Сүндетәлиев.

Қарағандылық азамат бұл жағдайдан кейін әуе компаниясының қызметкерлері тиісті қорытынды шығарып, қандай жағдайда да адамгершілік танытанына сенім білдірді.



Әуе компаниясы өз кезегінде қызметтік тексеру жүргізгенін және жолаушыдан кешірім сұрағанын атап өтті.

"Сондай-ақ қателік жіберген қызметкерге қосымша оқыту жүргізілетін болады. Жолаушыға арбаны Қарағандыға және тұрғылықты мекенжайына жөнелтуге міндетті түрде жан-жақты көмек көрсетіледі. FlyArystan мұндай олқылықтарды болдырмау үшін барлық шараларды қабылдайды", - делінген FlyArystan-ның Facebook парақшасында.

Бұған дейін Нияз Сүндіталиев Алматы әуежайында FlyArystan қызметкерлерінің бортқа мүгедектер арбасын алып кіруге қарсы болғанын айтқан. Арба Алматыда қалып қойған. Әуе кемесінің бортында жолаушы жарамсыз мүгедектер арбасына отыруға мәжбүр болды.

Талқылау