"Моңғол" деп тіл тигізді: Болгариялық ер адам 11 жасар қазақстандық футболшыны ұрған (видео)
Болгарияда өткен турнирде 11 жасар қазақстандық футболшыны ер адам ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны заңгер Мағжан Бейімбетов өз Facebook-парақшасында мәлімдеді.
"Болгарияның Обзор қаласында баламды футбол жарысына жібердім. Шынымды айтсам, Болгария азаматтарының Қазақстан азаматтарына көрсеткен қылықтарына таңғалдым! Бүгін 11 жастағы бір баламызды ойында Болгария командасы мүшесінің ата-анасы ұрып тастады", – деді Бейімбетов.
Оның айтуынша, Болгария тұрғыны қазақтарды "моңғолдар" деп қорлап, Өзбекстан азаматтарына да қол көтерген.
Әзірге Сыртқы істер министрлігі бұған жауап бермеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"