Мөлдір Әуелбекова “Құрмет” орденімен марапатталды

Әнші Мөлдір Әуелбекова елбасыынң қолынан “Құрмет” орденін алды. Әнші сүйінші хабарды өзі мәлім етті.

“Сан түрлі музыкалық премияларда маған бірде бір награда бермейді деп ренжіп жүруші едім. Елбасымыз естіп қойды ау деймін. ҚР Тәуелсіздік күніне орай “ҚҰРМЕТ” орденімен құрметтеді. Сахнадағы 15 жылдық еңбегім бағаланды! Шүкір! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, Менің жұмыс орным Қазақконцерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлына алғыс! Бұл жетістігім халқымның қолдауының арқасында! Рахмееееет! Ал, құттықтай беріңіздер”, – деп жазды әнші желіде.

Әншінің өнердегі әріптестері мен желідегі оқырмандары жарыса құттықтау тілегін айтты.

Бұған дейін Әлішер Кәрімов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың, сондай-ақ, Тимур Жақсылықов, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметовтың да мемлекеттік сыйлыққа ие болғанын хабарлаған едік. Елбасы қызының бетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлықты табыстады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр