Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қызының бетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлық табыстады

Әлия Назарбаева «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері ретінде әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Назарбаев қызының бетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлық табыстады

Сурет: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау рәсімінде қызының бетінен сүйіп, құттықтады.

Назарбаев қызының бетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлық табыстады

Сондай-ақ, танымал режиссер Ақан Сатаев және «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөлді сомдаған танымал қазақстандық актер Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек те президенттің қолынан мемлекеттік сыйлық алды. Ал сценарий авторы Тимур Жақсылықов лауреаттар тізіміне енгенімен, бірақ рәсімге қатыса алмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың, сондай-ақ, Тимур Жақсылықов, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметовтың да мемлекеттік сыйлыққа ие болғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау