Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін

Мөлдір Әуелбекова соңғы кезде көптің қызу талқысында. Әнші екінші некесінің де сәтсіз аяқталғанын айтып көпшілікті алаңдатып қойды. Желідегі оқырманы екінші рет ажырасқан әншіні сөкті. Енді бірі түрлі пікір жазды. 

Неше жылдан бері жасырып келдім: Мөлдір Әуелбекова сырымен бөлісті

Әнші екінші мәрте ажырасты дегенді естіген көпшілік оның әрекетін сынай бастады. 

“Бәрі өзінен секілді. Екінші мәрте дұрыс болмай тұр”, “Мөлдірдің мінезі дұрыс емес секілді”, “Тағдырға жазылғаны солай шығар”, “Ажырасу Алланың рұқсат еткен амалдарының ішінде ең жек көретіні”, “Кеше ғана күйеуін мақтап отыр еді ғой”, “Осыларды түсінбейміз, кеше ғана мақтап отырады, бүгін жамандап отырады”, “Кімнің өмірі бізге не қызық?”, “Бақытты болыңыз, басыңызға жазылғанды көресіз”, “Намазыңызды тастап кетпеңіз енді, орамалды шешіп”, – деп жазды олар. 



Әнші өзінің жеке өміріне қатысты түрлі қауесет жазған оқырмандарына жауап берді. 

“Менің басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін. Жеке өміріме қатысты әртүрлі нәрсе жазып, сыртымнан тон пішпеңіздер. Алла қаласа, бәрі өтеді. Сіздердей жанашырларым барда бәрі артта қалады”, – деп жазды әнші. 

Әуелбекова көптің қолдауы керек екенін атап, жақсылықтан үміт үзбейтінін жеткізді. 

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова жақында екінші рет ана атанды. Ал әншінің бұрынғы жолдасы екінші рет үйленіп, ақ құсын қолына қондырды. 

Талқылау